Небәрі 6 қадам: сайлауда бақылаушы болғысы келетіндерге нұсқаулық

Құқық қорғаушы Елена Швецованың бағанасы


06/08/2020
13:04 74928 0

Сайлауда қалай бақылаушы болуға болады? Бұл былтыр «Еркіндік Қанаты» қорына жиі қойылған сұрақтардың бірі болатын.

 

Сайлауда бақылаушы болу өте оңай. Ол үшін жоғарғы білім қажет емес. Бақылаушы бар-жоғы ҚР 18 жастан асқан азаматы болуы керек және мына қадамдарды орындауы тиіс: 

 

1. Неге бақылаушы болғыңыз келеді? Осыны түсініп алыңыз.

 

Бұл сұраққа жауап беру өте маңызды. Бірнеше күніңізді неге жұмсауға дайынсыз? Әрине, білім алуға және сайлаудың әділірек болуына шығар.

 

Мен үшін тәуелсіз бақылаушылар — жәй ғана еріктілер емес, қоғамына бей-жәй қарамайтын адамдар. Олар елді дамыту және сайлауды әділ әрі демократиялы өткізуге ниетті.

 

2000 жылдары бақылаушылардың жұмысына ақы төленетін, ал қазір төленбейді. Шынымды айтсам, мен бұған қатты қуанамын. Себебі біздің Қор ашылғаннан (2015 жыл) бері бақылаушы жұмысына ақша беріп көрмеді.

 

Біріншіден, біз — қоғамдық ұйымбыз және еңбекақы төлеуге ақшамыз жоқ; екіншіден, сайлауды бақылау — біздің азаматтық борышымыз және осылай ойлайтындар тәуелсіз бақылаушы бола алады деп ойлаймын. Бұрындары бақылаушыларға жағдай жасап, түскі асын алып беретінбіз, бірақ 2019 жылдан бері олардан тіскебасарларын өздері алуын сұраймыз. Түскі ас былай тұрсын, тіпті кейде мобильді топтарды ұйымдастыруға қаржы жетпей жатады.

 

2. Кімнің атынан бақылаушы боласыз, соны нақтылап алыңыз: тәуелсіз, әлде қандай да бір үміткердің немесе саяси партияның атынан бақылаушы болғыңыз келе ме?

 

Бұны ескеру қажет: егер қандай да бір саяси көзқарасыңыз болса немесе қандай да бір саяси үміткерді қолдасаңыз, сол саяси партияның немесе үміткердің атынан бақылаушы болыңыз. Тәуелсіз бақылаушы болудың қажеті жоқ, өйткені өз тарабыңызға әлдеқайда пайдалы болып, көзқарасыңызға қарсы шықпайсыз.

Себебі тәуелсіз бақылаушыға сайлаудың нәтижесі емес, сайлаудың демократияға сай, әділетті және шынайы өткені маңызды.

 

3. Өзіңіз сенетін ұйымды табу және бақылаушы болуға жазылу.

 

4. Оқу дайындығынан өту және бақылушы куәлігін алу.

 

5. ҚР сайлау туралы конституциялық заңын мән беріп оқу.

 

6. Үйлестірушіден сайлау бөлімшесінің мекен-жайы мен нөмірін алу, сол жерге сайлау күні барып, бақылаушы болу.

 

Бақылушылар тек тыңдап, бақылап қана отырмайды, сонымен қатар «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңына сәйкес, заң бұзушылықтар орын алса, акт толтырып, фото-видеоға түсіруі керек.

 

 

Бақылаудың маңыздысы — қауіпсіздік. 

 

Дауыс беру күні біз бақылаушылармен үнемі байланыста боламыз, учаскелердегі жағдайды қадағалап отырамыз. Біз үшін олардың қауіпсіздігі өте маңызды. Үлкен қалаларда үйлестірушілеріміз бар және биыл бақылаушылар сияқты олардың саны да арта түседі деп үміттенеміз.

 

Қауіпсіздікке қатысты тағы бір мәселе — оқыту. Барлық бақылаушы сайлау алдында тренингтен өтеді. Онда олар өз жұмысында қандай заңдарға сүйене алатынын айтамыз. Оларды психологиялық дайындықтан өткіземіз. Астанада бақылаушылардың да, қарапайым азаматтардың да сұрақтарына жауап беретін мобильді топ пен заңгерлер штабы жұмыс істейді.

 

Сөз соңында бақылаушы болу — бәрінің қолынан келетін керемет іс екенін айтқым келеді. Сіз сайлау институтының қалай жұмыс істейтінін көріп қана қоймай, керемет адамдармен танысасыз, өзіңіздің шыдамыңызды сынап көресіз.

 

Елена Швецова, «Еркіндік қанаты» ҚҚ атқарушы директоры

 


 

Иллюстрация: Анар Бакенова

Поделиться

Нет комментариев.

06/08/2020 13:04
74928 0

Уведомление